Қазақстан Республикасы тәуелсіздігінің алғашқы күндерінен бастап сыбайлас жемқорлыққа қарсы ымырасыздық күрес жүргізіп келеді

Қазақстан Республикасы тәуелсіздігінің алғашқы күндерінен бастап сыбайлас жемқорлыққа қарсы ымырасыздық күрес жүргізіп келеді

Халықаралық сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес күні 2004 жылдан бастап жыл сайын 9 желтоқсанда атап өтіледі. 2003 жылы осы күні Мексиканың Мерида қаласында жоғары деңгейдегі саяси конференцияға қол қою үшін БҰҰ Бас Ассамблеясы 2003 жылдың 1 қарашасында қабылдаған БҰҰ-ның Сыбайлас жемқорлыққа қарсы конвенциясы ашылды.

Конвенцияның мақсаты - сыбайлас жемқорлықтың алдын алу және жою. Құжат оған қол қойған мемлекеттерді пара, бюджет қаражатын ұрлау және сыбайлас жемқорлық кірістерін жылыстатуды қылмыстық құқық бұзушылық деп жариялауға міндеттейді. Конвенцияның ережесіне сәйкес қаражатты сыбайлас жемқорлық нәтижесінде түскен елге қайтару қажет.

Бүгінгі күні Конвенцияға 140-қа жуық мемлекет қол қойып, 80-ге жуық мемлекет ратификациялады. Қазақстан осы Конвенцияны 2008 жылғы мамырда ратификациялады.

Шығыс Қазақстан облысы әкімінің аппаратында сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл бойынша белсенді қызмет жүргізілуде. 2022 жылдан бастап «Жобалық басқаруды жүзеге асыру қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2021 жылғы 31 мамырдағы қаулысының талаптарын орындау шеңберінде ҮББ - 4 «Сыбайлас жемқорлықтың алдын алу және оған қарсы іс-қимыл» жобалық басқарудың төртінші блогын іске асыру жүзеге асырылуда. Кеңсе қызметкерлерінің жұмыс тиімділігі Шығыс Қазақстан облысының аумақтық Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызметі тарапынан жоғары бағаланды. Халықаралық сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес күніне орай кеңсе қызметкерлеріне Алғыс хаттар мен бағалы сыйлықтар табыс етілді.