ШҚО ТЖД сүңгуірлері Самар ауданында суға батып кеткен әйелдің денесін тауып алды

ШҚО ТЖД сүңгуірлері Самар ауданында суға батып кеткен әйелдің денесін тауып алды

2022 жылғы 8 желтоқсанда   сағат 10.00-де ШҚО ТЖД сүңгуірлері 1950 жылы туған суға батып кеткен әйелдің денесін тауып алды. Жазатайы оқиға Казнаковка су өткелінде болған, онда 6 желтоқсан күні мұз жарылып көлік суға кеткен, ішіндегі 4 адам өздігінен шығып, 72 жастағы әйел шыға алмай, қаза болды. ТЖ қызметкерлері барлы 9 рет су астына сүңгу жұмыстарын жүргізді. Сүңгуірлердің жұмысын аяз және су астындағы көзге түрткісіз қараңғылық қиындатты, мамандарға қолмен ұстап, сипау арқылы жұмыс істеуге тура келді. Іздеу жұмыстарын жұргізу орнындағы тереңдік  шамамен 20 метр. Барлығы жеке құрамнан 23 адам мен 7 бірлік техника жұмылдырылды.

ШҚО ТЖД баспасөз қызметі