Шығыс Қазақстан облысы әкімінің аппаратында сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне ішкі талдау жүргізілді

Шығыс Қазақстан облысы әкімінің аппаратында  сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне ішкі талдау жүргізілді

2022 жылғы 27 қазан мен 27 қараша аралығында «Шығыс Қазақстан облысы әкімінің аппараты» мемлекеттік мекемесінің (бұдан әрі-Аппарат) бөлімдерінде сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне ішкі талдау жүргізілді (бұдан әрі - СЖТІТ). Талдау жүргізу барысында нормативтік актілерді қолдануға, мемлекеттік қызметтер көрсетуге, бақылау функцияларын іске асыруға, сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл жөніндегі жұмысты ұйымдастыруға, сондай-ақ ұйымдастыру-басқару қызметінен туындайтын өзге де мәселелерге байланысты 37 сыбайлас жемқорлық тәуекелдері анықталды.

СЖТІТ сонымен қатар Аппараттың ведомстволық бағынысты коммуналдық кәсіпорындары мен мекемелерінде өткізілді: «ШҚО жұмылдыру дайындығы мен жұмылдыруды қамтамасыз ету қызметі» КММ, «ШҚО әкімінің іс басқармасы» КММ, «ШҚО Авиациялық бөлімшесі» КМҚК, онда 6 сыбайлас жемқорлық тәуекелі анықталды.

Әрбір сыбайлас жемқорлық тәуекелі бөлігінде сыбайлас жемқорлық тәуекелдерін жою жөніндегі жоспарда көзделген мерзімдерде іске асырылатын белгілі бір ұсынымдар әзірленді.

СЖТІТ жүргізу қорытындысы бойынша анықтама және сыбайлас жемқорлық тәуекелдерін жою жөніндегі жоспар Шығыс Қазақстан облысы әкімінің сайтында «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл» бөлімінде орналастырылған.

2022 жылғы 30 қарашада аппараттың СЖТІТ нәтижелерін жария талқылау өткізілді, оған Қазақстан Республикасы Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің (Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет) ШҚО бойынша департаменті Превенция басқармасы басшысының орынбасары А.А. Асқар және «Ардагерлер ұйымы» республикалық қоғамдық бірлестігінің Шығыс Қазақстан облыстық филиалының төрағасы А.С. Шерубаев қатысты.