
Құрметті жерлестер!!!
Өңірде туризмді дамыту мәселесі бойынша кеңес өткіздім. Жалпы, бұл біз ерекше көңіл бөліп отырған басым салалардың бірі. Қазір қыс мезгілінде барлық жобалардың келісу рәсімдерінен өтуі өте маңызды, ал көктемде оларды іске асыру қажет. Жаңа Бұқтырма бойынша маңызды эскиздік жоба дайындалуда - Осиновский асуын айналып өтетін "Өскемен-Алтай" тас жолы, Жаңа Бұқтырмадағы көшелерді жарықтандыру және абаттандыру, қызмет көрсету объектілерін салу. Жағалаудағы жаяу жүргіншілер аймағынан демалыс орталықтарына дейінгі жол. Бұл аймақта веложолдар мен түрлі құрылыстар да қарастырылатын болады. Бұдан басқа, кентте үлгілік жоба бойынша мемлекеттік тілде оқытатын 200 орындық мектеп салу жоспарлануда. Риддерге келетін болсақ, мұнда да маңызды эскиздік жоба қажет, Тарханка, Топиха және Черемшанка арқылы өтетін жолды зерттейтін арнайы топ жұмыс істейді, қалада көше жарығын қайта құру жүргізіледі - біз Риддер орталығы мен барлық автобус бағыттары үшін 2500 шам орнатуды қарастырамыз. Катонқарағай ауданында экологиялық туризмге баса назар аудару қажет, қазірдің өзінде арнайы жобалар бар. Өлкетану мұражайының ғимаратындағы XIX ғасырдағы шіркеуді қалпына келтіреміз. Сондай-ақ, көпір салуға жобалық-сметалық құжаттар әзірленуде. Әр жобада жол бойындағы қызмет көрсету нысандарына бааа назар аудару қажет. Туризмді дамыту жобасы Сарыбел үшін де дайындалуда. Жалпы, аймақтық туристік әлеуеті өте жоғары және оны дамыту үшін көптеген мүмкіндіктер бар.