
Еріктілер жылына орай Шығыс Қазақстан облысында «Ауылдағы жаз» жобасы іске асып, жазғы демалыста кәсіби жаттықтырушылар ауылдарға барып, балаларды жаттықтырмақ.
Қазақстан халқы Ассамблеясының «Tarbie» бағдарламасы аясында «Ауылдағы жаз» жобасы жасалды.
Қазірде ауылдар өтініштерін жіберуде. Келген өтініштерге орай арнайы тізім жасалып, жұмыс жүргізіледі.
ШҚО Дене шынықтыру және спорт басқармасы Баспасөз қызметі