
Келер жылы Тарбағатай ауданының Тұғыл ауылында Дене шынықтыру және сауықтыру кешенінің құрылысы басталмақ.
Бұл жайлы ШҚО дене шынықтыру және спорт басқармасының басшысы Денис Рыпаков Аймақтық коммуникациялар қызметінде өткен баспасөз мәслихаты барысында айтып өтті.
Сондай-ақ, облыс әкімінің тапсырмасымен Ақжар ауылында ипподром күрделі жөндеуден өтеді.
Дене шынықтыру және сауықтыру кешендері Тұғыл ауылынан бөлек Катонқарағай, Үржар, Бородулиха және Күршім аудандарының ауылдарында бой көтермек.
ШҚО Дене шынықтыру және спорт басқармасы Баспасөз қызметі