Облыс әкімдігінің отырысы өтті, оның барысында бірқатар мәселелер талқыланды. Біріншісі - тұрғын үй құрылысы. Осы жылдың соңына дейін біз 317 мың шаршы метр тұрғын үйді пайдалануға береміз, бұл үш мыңға жуық пәтер. 2023 жылы бұл көрсеткішті сегіз мыңға дейін арттыру жоспарлануда. Жеке инвестициялар есебінен салынып жатқан коммерциялық тұрғын үйге сұраныс бар, 64 үйге жобалық-сметалық құжаттама әзірленуде, Өскеменнің 22-ші шағын ауданында құрылыс үшін жер учаскелері ресімделуде. "Бір қабатты Шығыс" бағдарламасы бойынша 126 үй салынуда. ШҚО ауылдарында көпбалалы отбасылар үшін тағы 58 үйдің құрылысы жүргізілуде. Тіл саясаты мәселесі де өзекті. Ауызекі қазақ тілін үйренуге ерекше назар аудару қажет. Ол үшін әлемдік тәжірибені пайдалана отырып, жазда қаладан келген балалар ауылдардағы қазақ отбасыларына келіп, тілдік ортаға енетін тілдік лагерьлер жұмыс істейтін болады. Әр түрлі этностардың өкілдері өз ана тілдерін үйренуі үшін бізде барлық жағдай жасалғанын атап өткім келеді.Сондай-ақ, білім беру саласындағы цифрландыру мәселесі талқыланды, өңірдің барлық мектептерінде IT және робототехника сыныптары жұмыс істейді, барлық білім беру мекемелері бейнебақылау жүйелерімен және дабыл түймелерімен жабдықталған, digital East қосымшасы арқылы ата-аналық бақылау бағдарламасы енгізілуде. Сонымен қатар, біздің оқушыларымызды цифрлық оқыту әлемдік үрдістер мен стандарттарға сай болуы үшін арнайы бағдарлама әзірлеумен айналысатын жұмыс тобы құрылады.