Бүгін мемлекетіміз үшін елеулі күн. Ел тарихындағы тағы бір маңызды оқиға - Президент сайлауы өтуде. Мен өз дауысымды Өскемен №42 орта мектебінде орналасқан №9 сайлау учаскесінде бердім. Адамдардың өз таңдауларына сенімді, елімізде тұрақтылық пен бейбітшілік үшін азаматтық ұстанымдарын белсенді түрде көрсетуге дайын екенін көру өте қуанышты.
Бүгінде ШҚО-да 549 сайлау комиссиясы жұмыс істейді, оның ішінде 12 аумақтық және 537 учаскелік. Олардың құрамына 3,5 мың адам кіреді. Тәуелсіз бақылаушылар да өз миссиясын орындауда. Біз бірге дұрыс таңдау жасап, қазақстандықтардың қарқынды дамуы, экономикасы мен әлеуметтік әл-ауқатының өсуі жолымен әрі қарай жүретінімізге сенімдімін.