
Қазақстан Республикасының Төтенше жағдайлар Вице-министрі Марат Күлдіков Шығыс Қазақстан облысында халықпен кездесп, азаматтарды қабылдады. Іс-шараға қала кәсіпкерлері, еріктілер, азаматтық қорғау ардагерлері, жұртшылық пен үкіметтік емес ұйымдардың өкілдері қатысты.
Кездесуде өңірдегі төтенше жағдайлардың алдын алу саласындағы, оның ішінде туризм, ТЖМ жүйесіне жұмысқа орналасу саласында дамып келе жатқан түрлі өзекті мәселелер талқыланды, барлық сұрақтарға толық жауаптар берілді.
Марат Күлдіков Министрліктің 2022 жылдың өткен кезеңіндегі қызметі және азаматтардың қауіпсіздігін қамтамасыз ету және су тасқыны қаупін азайту, өрттердің, авариялар мен төтенше жағдайлардың алдын алу, оның ішінде қауіпті өндірістік объектілердегі іс-шаралар туралы толығымен айтып берді. Азаматтық қорғаудың мемлекеттік жүйесінің дамуы туралы егжей-тегжейлі хабардар етті.
«Республика бойынша тұрақты негізде іс-шаралар кешені жүргізілуде, бұл су тасқыны, сел және жер сілкінісі қаупін азайту, өрттердің алдын алу, қауіпті өндірістік объектілердегі авариялар мен инциденттердің алдын алу, сондай-ақ азаматтық қорғаудың мемлекеттік жүйесінің жұмыс істеуін және дамуын қамтамасыз ету. Нәтижесінде 10 ай ішінде өңірде ТЖ кезінде қаза тапқандар саны 28,9% - ға азайды. Бұл ретте 1 100-ден астам төтенше жағдай тіркелді. Департамент бөлімшелері 6 мыңнан аса шығуды жүзеге асырып, 1 052 адам құтқарылды және эвакуацияланды",-деп атап өтті ТЖ Вице - министрі.
Әрі қарай Марат Күлдіков азаматтарды жеке қабылдап және БАҚ өкілдері үшін брифинг өткізді.
Жұмыс сапары барысында вице-министр Д. Серікбаев атындағы Шығыс Қазақстан мемлекеттік техникалық университетінің Ғылыми кітапханасына барды. Өңірдің құтқарушылары су тасқыны жағдайын болжау және көшкін қауіптілігінің автоматтандырылған жүйелерін енгізу саласында кітапхана қызметкерлерімен тығыз қарым-қатынаста.
"Қазселденқорғау" филиалында Марат Күлдіков көшкін қаупі бар кезеңдегі профилактикалық іс-шараларға мамандардың назарын аудара отырып, алдағы қысқы кезеңді талқылады. "Облыста автожолдар мен елді мекендерге қауіп төндіретін 325 көшкін қаупі бар учаске бар. Оларды мұқият бақылау, жердегі және аэровизуалды тексерулер жалғасуы керек. Қар массасының түсу қаупі төнген кезде профилактикалық түсулерді жедел ұйымдастыру қажет", - деп атап өтті Марат Күлдіков.
Ол сондай-ақ №8 өрт сөндіру бөлімінің бірінің базасында жеке құраммен кездесті, оның барысында өрт сөндірушілердің жалақысын көтеру және әлеуметтік жағдайларын жақсарту туралы айтты.
Марат Күлдіков жаңа өрт сөндіру депосының құрылысына бөлінген жер учаскесінде болды. Ол облыс орталығының қарқынды дамып келе жатқан аудандарының бірінде орналасқан, онда жыл сайын көптеген тұрғын үй қоры мен нысандар, оның ішінде көпқабатты нысандар салынады, сондықтан депо қажетті жабдықтармен және техникамен жарақтандырылып, 34 мыңға жуық азаматтың қауіпсіздігін қамтамасыз етеді.
Вице-министрдің жұмыс сапары Өскеменде тұрғызылған және Қазақ мемлекетінің қалыптасу тарихын бейнелейтін Тәуелсіздік монументіне барумен аяқталды.
ШҚО ТЖД баспасөз қызметі