Облыстағы жолдарды салу және жөндеу бойынша кеңес өткіздім

Облыстағы жолдарды салу және жөндеу бойынша кеңес өткіздім

Жұмыс тобы Тарханка мен Топиха арқылы Черемшанкаға және одан әрі Риддерге шығатын жолды зерттеді. Онда жол өтпесі мен көпір салу, учаскелерді асфальттау қажет. Өйткені осындай кешенді жұмыс туризм мен бизнестің дамуына жаңа серпін береді, Риддерге баратын жол уақыты екі есеге қысқарады. Октябрь өткелінен Алтай қаласына дейінгі жол учаскесін, сондай-ақ "Өскемен - Самсоновка - Тарғын - Самарское", "Предгорное - Веселовка"учаскелерін орташа жөндеу көзделген. Ақжар ауылынан Зайсан тас жолына шығатын жолды қайта жаңарту қажет. Өйткені Зайсанда МРТ қондырғысы орнатылады, яғни жақын аудандардың тұрғындары бұл процедураға кедергісіз келуі үшін жол қолайлығы болуы тиіс. Сондай-ақ, Марқакөл ауылына дейінгі жолды жөндеу қарастырылған. Сарапшылар Первомай кенті арқылы Шемонаихаға баратын жолды тексереді. Қазірдің өзінде көктемде жол-құрылыс жұмыстарын бастау үшін жобаларды құжаттау және сараптау жұмыстары басталды.