Риддердегі жылу электр орталығындағы жөндеу және қалпына келтіру жұмыстары кестеге сәйкес жүргізілуде

Риддердегі жылу электр орталығындағы жөндеу және қалпына келтіру жұмыстары кестеге сәйкес жүргізілуде

Қазіргі уақытта станцияға агрегаттардың жұмысын реттеу үшін Өскемен және Согра жылу электр орталықтарының энергетиктері мен арнайы мамандары келді. Сондай-ақ, "Терезе" және "ВК Инвест Инжиниринг" кәсіпорындарының 30 маманы келді. Бүгінгі таңда жылу орталығында №1, № 3 орташа қысымды қазандықтары мен № 6 жоғары қысымды қазандық жұмыс істеуде. № 4 ( жоғары қысымды) қазандықты автоматтандыру бойынша жөндеу жұмыстары жүргізілуде, жақын арада аталмыш агрегатты қалпына келтіру жұмыстары аяқталады. Қазір станцияда 260 тонна мазут бар. Бүгін тағы 5 жанармай вагоны келеді деп күтілуде. Жылу желісіндегі температура мөлшері 55/42, сыртқы ауа + 7 °С (орташа тәуліктік температура +1). Бүгін қаладағы мектептер және балабақшалар қалыпты жұмыс кестесіне көшірілді. Оқу орындарында сабақтар 30 минутқа және үзіліс уақыты 5 минутқа дейін қысқартылды. Қалада төтенше жағдай режимі сақталады. Мен басшылық етіп отырған жөндеу және қалпына келтіру жұмыстарын үйлестіретін штаб тәулік бойы жұмыс істеуде.