Құрметті жерлестер!!!

Құрметті жерлестер!!!

Бүгін қала және аудандардың әкімдерімен, басқарма басшыларымен өткен кеңес барысында бірқатар маңызды мәселелер талқыланды. Денсаулық сақтау саласын дамыту және ел Президенті Қасым-Жомарт Кемелұлы Тоқаев айтқан барлық жобаларды іске асыру басты басымдықта тұр. Ауылдық жерлерде 36 жаңа медициналық мекеме үшін жер учаскелері анықталды, облыстан 72 жас маман келіп, көтерме және қызметтік пәтерлерге ие болды. Өлім - жітімнің төмендеуіне қол жеткіздік, атап айтсақ қан айналым жүйелері ауруларынан 18% - ға, онкологиялық аурулардан 8% - ға және тыныс алу органдарының ауруларынан-30 пайызға жуық. Тоғыз айда ана өлімінің бірде-бір жағдайы тіркелген жоқ. Босандыру қызметтерінің сапасын жақсарту үшін осы саладағы аудандық дәрігерлерді ана мен бала орталығы базасында оқыту туралы шешім қабылданды. PACS деректері және оның мүмкіндіктерін кеңейту міндеті тұр. Сондай - ақ, жолаушылар тасымалы мәселесін талқыладық. Әлеуметтік маңызы бар бағыттарды тұрақты негізде субсидиялаймыз, Өскемен - Зайсан әуе бағытын дамыту бойынша аудан әкімдігіне Зайсан әуежайының ұшу-қону жолағын қайта жаңартуға жобалық- сметалық құжаттама дайындау тапсырмасын бердім . Жолдарды, атап айтқанда Риддер мен Алтайдың туристік аймақтарына қарай жөндеу және салу жалғасады. Жаңа Бұқтырмада аурухананы жөндеуге жобалық-сметалық құжаттама дайын және қазақ тілінде оқытатын мектептің үлгілік жобасы бар. Осындай өтінішпен маған ауыл тұрғындары бірнеше рет жүгінді. Кеңес барысында бордақылау алаңдарының тиімділігі және сауда балықтарын өсіруді субсидиялау мәселелеріне назар аударылды.