Құрметті жерлестер!!!

Құрметті жерлестер!!!

Бүгін облысқа жұмыс сапарымен ҚР Ғылым және жоғары білім министрі Саясат Нұрбек келді. Ол Сәрсен Аманжолов атындағы Шығыс Қазақстан университетінің 70 жылдық мерейтойына арналған іс-шараларға қатысты. Құрметті ректор Увалиев Юмаш Каримовичтің мемориалдық тақтасына гүл шоқтарын қойдық. Сондай-ақ профессор-оқытушылар құрамына арнайы марапаттар тапсыру құрметіне ие болдым. Ерекше қажеттіліктері бар балалар оқитын, ал ЖОО студенттері педагогикалық практикадан өтетін үздіксіз инклюзивті білім беру орталығының қызметімен таныстық. Бүгінгі таңда осы салады жақсы нәтижелер де бар. Өндірістік кәсіпорындармен тығыз байланыста жұмыс істейтін ЖОО-ның ғылыми-зерттеу орталықтары туралы ақпарат ұсынылды. Дәулет Серікбаев атындағы ШҚТУ-да Ғылым және жоғары білім министрі қазірдің өзінде серпінді және табысты деп атауға болатын ғылыми зерттеу және тәжірибелі-конструкторлық жобалармен танысты. Атап айтқанда, Ұлттық травматология институтымен жемісті ынтымақтастық орнатуға серпін берген импланттар өндірісі. Сондай-ақ мұнда өнеркәсіптік және агросекторға арналған инновациялық жобалар ұсынылған. Жоғары оқу орындарының профессор-оқытушылар құрамымен кездесуде Саясат Нұрбек қазір ғылымға көп көңіл бөлінетінін, қаржыландыру қоры жеткілікті және қызықты жобалар мен стартаптарға гранттар берілетінін атап өтті.