Біз өңір үшін ауқымды жоба — Жаңа Бұқтырма кентінің маңындағы Бұқтырма су қоймасының жағалауында демалыс аймағын салу және абаттандыру жұмыстарын бастаймыз. Бірінші кезекте стадионнан жағалауға дейін орталық аллея салу көзделген. Мұнда серуендеу аймақтары, велосипед және жүгіру жолдары салынып, бұрынғы ескі орында "құрғақ" субұрқақ бой көтермек. Кентте жаңа сауда орталығы ашылып, қоғамдық тамақтану жүйесі жаңғыртылады. Тұрғындар мен туристер үшін демалыс және ойын-сауық орындары ұйымдастырылады. Сонымен қатар үлкен жағажай ашылады. Жаңа Бұқтырманың географиялық жағдайы өте ыңғайлы – ол Алтай мен Өскемен қалаларының арасында орналасқан. Логистика жағынан ешқандай проблема болмайды, онымен қоса Осиновский асуын айналып өтетін жол құрылысы келесі маусымда аяқталатынына сенімдімін. Мен күзгі – қысқы кезеңде жаңа демалыс аймағының жобасы мен жобалық-сметалық құжаттары келісудің барлық сатысынан өту керектігін, ал мамыр айында оны іске асыруға кірісетінімізді тапсырдым. Біз қала тұрғындарының әлеуметтік инфрақұрылымды абаттандыру және дамыту жөніндегі қызықты ұсыныстарын тыңдауға дайынбыз. Сонымен қатар кенттегі аурухананы күрделі жөндеуден өткізуге облыстық бюджеттен қаржы бөлінетін болады.