Құрметті жерлестер!!!

Құрметті жерлестер!!!

Өскеменде Қазақстандағы алғаш қоқысты сұрыптайтын зауыт іске қосылды. Ол халықаралық стандарттарға толық сәйкес келеді және қатты тұрмыстық қалдықтардың 40 пайызын қайта өңдеуге мүмкіндік береді. Бұл экологиялық маңызды шешім, өйткені қоқыс тақырыбын қала тұрғындары түрлі кездесулерде бірнеше рет көтерген.
Автоматтандырылған желі барлық қалдықтарды қағазға, пластикке, металға және қайта өңделмейтін қалдықтарға - органикалық заттар мен қалдықтарға сұрыптайды. Өңірде ҚТҚ жинау және қайта өңдеу жүйесін жаңғырту жұмыстары жалғасады. Біз жаңа полигон салғаннан кейін, барлық қоқыстар сұрыптауға жіберіледі. Зауыттың өнімділігі сағатына 25 тоннаны құрайды, бұл Өскемен үшін жеткілікті.