Облыстағы пайдаланылмаған жерлерді жайылымдық жерлерге қайтару мәселесін талқыладық. Бүгінде Ұлан, Күршім, Самар аудандарында және Өскемен қаласында тапшылық бар, 43 мың гектар жер жетіспейді. Ия, бұл айтарлықтай көп емес, дегенмен жұмыс жүргізу керек. Пайдаланылмаған учаскелердің иелері көп жағдайда оларды өз еркімен қайтаруда, заңнамалық құралдарды да қолданудамыз. Өнімділігі төмен жерлерді жайылымдық жерлерге беру мүмкіндігі қарастырылуда. Мониторинг көрсеткендей, 760 мың га бос алаң бар. Ауылдық елді мекендерді цифрландыруға келетін болсақ, мұнда бейінді басқарма үлкен жұмыс жүргізуде. Комиссия 45 ауылдағы жағдайды талдап, құрылыс басқармасы антенна-діңгек құрылысының үлгілік жобасын әзірледі, оларға арналған жерлер анықталды. Ұялы байланыс операторларымен меморандумға қол қойылған, бірақ, өкінішке орай, олар өз міндеттемелерін соңына дейін орындамады. 25 қазанға дейін ауылдарды Интернетке қолжетімділікпен қамтамасыз ету бойынша одан әрі іс-қимылдардың нақты алгоритмі дайындалатын болады. Сондай-ақ, ҚР Президенті Қасым-Жомарт Кемелұлы Тоқаевтың тапсырмасы бойынша аудандар мен ауылдық округтердің әкімдері фельдшерлік-амбулаториялық және медициналық пункттер, отбасылық-дәрігерлік зертханалар құрылысына арналған учаскелерді анықтады. Жыл соңына дейін әрбір учаскеде жұмыс басталады.