Құрметті жерлестер!!!

Құрметті жерлестер!!!

Бүгін біздің атақты Олимпиада чемпионы, танымал жеңіл атлет Ольга Рыпаковамен кездестім. Бүгін оның жанында үлгі алатын жас спортшылар жаттығуда. Сонымен қатар, Ольга белсенді қоғамдық қызмет атқаруда. Біз балалардың ерте жастан - мектепке дейінгі мекемелерден спорттық белсенділігін дамыту жөніндегі арнайы бағдарламаны іске асыру мүмкіндігін талқыладық. Бүгінгі таңда балалардың көпшілігі бос уақыттарын гаджеттерде өткізеді, белсенді ойындар ойнамайды, оларда жеткілікті физикалық белсенділік жоқ. Бағдарлама ойын түрінде оларды спортқа қызықтыруға мүмкіндік береді. Олардың біреуі өзінің болашақ өмірін қандай да бір спорт түрімен байланыстыруды шешкенде, жаттықтырушыларға дайындалған балалармен жұмыс істеу оңайырақ болады. Белсенді балалар-дені сау ұлт пен бұқаралық спортты дамытудың кепілі.