8 қазаннан бастап өңірде күрделі өрт қауіпті жағдай қалыптасты

8 қазаннан бастап өңірде күрделі өрт қауіпті жағдай қалыптасты

8 қазаннан бастап өңірде күрделі өрт қауіпті жағдай қалыптасты. Алайда, құтқарушылардың, өрт сөндірушілердің, орманшылықтар мен жергілікті атқарушы органдар өкілдерінің жедел жұмыстарының арқасында барлық 15 өртті оқшаулауға мүмкіндік туды. Қазіргі уақытта олардың 13-і толығымен сөндірілген. Күршім ауданы Үшбұлақ ауылында отпен күрес жалғасуда-онда 264 адам жұмыс істейді, екі тікұшақ жұмылдырылды. Ұлан ауданы Қызылсу ауылының маңында өрт сөндірілді, 70 адам күрес жүргізуде.
Әрине, әр өрттің себептерін егжей-тегжейлі түсінетін боламыз, адами факторды да жоққа шығаруға болмайды. Қуанышқа орай, адам шығыны жоқ. Бірақ үйлері мен мүлкі өртеніп кеткендер бар.