ШҚО әлеуметтік әріптестік  жөніндегі облыстық үш жақты комиссияның отырысы өтті

ШҚО әлеуметтік әріптестік  жөніндегі облыстық үш жақты комиссияның отырысы өтті

Бүгін, онлайн режімінде облыс әкімінің орынбасары Шәкәрім Бұқтұғұтовтың төрағалық етуімен  Әлеуметтік әріптестік және әлеуметтік және еңбек қатынастарын реттеу жөнінде облыстық үш жақты комиссияның отырысы өтті.

Күн тәртібінде қаралған мәселелердің бірі «Парыз» әлеуметтік әріптестік бойынша республикалық байқаудың өңірлік кезеңінің қорытындысын шығару болып табылды. Биылғы жылы байқауда 29 өтінім бойынша 26 кәсіпорын (3 ірі, 8 орта және 15 шағын бизнес нысандары) қатысты. Облыстық сараптамалық комиссиямен бес номинация бойынша жеңімпаздар анықталды, оның ішінде «Облыстың еңбек қорғау бойынша ең үздік кәсіпорны» және «Ең үздік ұжымдық шарт», олар байқаудың қорытынды кезеңінде өңірімізді ұсынады.

Сонда ақ, комиссия мүшелерімен  өңірдің кәсіпорындарында жалақы бойынша қарыздарды жабуға қатысты әлеуметтік-еңбек саласының проблемалары, сонымен қатар зейнетақы жарналары мен міндетті әлеуметтік аударымдар бойынша қарыздарды азайту жөніндегі шаралар туралы мәселе қаралды және шешімдер қабылданды.

«ШҚО Кәісподақ орталығы» АКБ