Жұмыс сапарымен Самар ауданының Подгорное ауылында болдым. Бұл елді мекеннен Кеңес Одағының бірден үш батыры-Николай Яковлевич Фонов, Сергей Егорович Седнев және Иван Михайлович Яроцкий шықты. Батырлар туралы естеліктер, ауыл ардагерлерінің наградалары мен фотосуреттері мектеп жанындағы мұражайда сақталған. Подгорный мектебі қаладағы білім мекемелерінен кем түспейтінін атап өту керек. Мұнда жөндеу жұмыстары жүргізіліп, мұғалімдер мен оқушылардың әр сыныпқа ұқыпты қарайтыны қуантады. Жақын арада мұнда физика мен лингафон кабинеттері ашылады. Келесі жылы тоғыз бала бірінші сыныпқа барады, бұл жақсы көрсеткіш. Мен аудан әкімдігіне қажет болған жағдайда ауылға келетін жас мамандарға арналған үйлерді жөндеуді және салуды тапсырдым. Биылғы жылы үш маман Подгорныйға өмір сүруге және жұмыс істеуге келді. Сондай-ақ, мен барлық қажетті жабдықтары бар фельдшерлік-амбулаториялық пункке бардым, мұнда да жөндеу жұмыстары жүргізіледі. Халықпен кездесуде Президенттің Жолдауы, кезектен тыс сайлау және Конституциядағы негізгі өзгерістер талқыланды. Өткен жылы Миролюбов ауылдық округінде тұрғындар әкімді өздері таңдағанын атап өтемін. Өз аудандық газетінің қажеттілігі туралы мәселе көтерілді, тұрғындарға бұл өте қажет. Шешім қабылданып, 1 қаңтардан бастап газет шығады. Сондай-ақ, жол жөнделіп, ауылда жарықтандыру жүргізіледі, жобасы дайын. Мұғалімдердің өтініші бойынша Қаракөл ауылының мектебіне лингафон кабинетін қоямыз. Кондитерлік сала үшін күнбағыс өсірілетін "ЛИК" шаруа қожалығының жұмысы өте жақсы. Мұнда топырақты қалпына келтірудің және егінді көбейтудің озық технологиялары қолданылады.