Біздің өңірге жұмыс сапарымен ҚР ІІМ министрі Марат Мұратұлы Ахметжанов келді

Біздің өңірге жұмыс сапарымен ҚР ІІМ министрі Марат Мұратұлы Ахметжанов келді

Біздің өңірге жұмыс сапарымен ҚР ІІМ министрі Марат Мұратұлы Ахметжанов келді. Ең алдымен, ол ахуалдық орталықтың қызметімен танысты. Министрге "Сергек" бейнебақылау жүйесінің мүмкіндіктері мен соңғы деректері таныстырылды. Статистикаға жүгінсек, жол-көлік оқиғалар санының азаюы мен жедел анықталған қылмыстар санының артуы айқын байқалады. Бүгінгі таңда ШҚО полицейлері жоғары санатта. Сондай-ақ, Министр халықпен кездесулер өткізіп, жиналғандардың және ШҚО ПД-нің жеке құрамының сұрақтарына жауап берді. Кездесу барысында ҚР Президентінің Жолдауын, елдегі ішкі істер органдарын оңтайландыру мен автоматтандыру мәселелерін талқылады.