Құрметті жерлестер!!!

Құрметті жерлестер!!!

"AMANAT" партиясының ШҚОФ кезектен тыс өткен 27 конференциясында партия платформасын талқылап, партия съезіне делегаттарды таңдадық. Платформаның негізгі идеясы - адам және оның өмірі. Қазақстанның әрбір тұрғыны лайықты білім алуға, медицинаға, жайлы әлеуметтік ортаға, тұрғын үйге және жүйелі еңбекақыға құқылы. Платформа отбасы институтын нығайтуға, көпбалалы және аз қамтылғандарды қолдауға бағытталған. Өңірде білім беру саласында бірқатар бағдарламалар жүзеге асырылуда, бұл бізге жаңа білімді ұрпақ тәрбиелеуге зор мүмкіндік береді. Ауылдық және аудандық ауруханаларды жоғары технологиялық медициналық техникамен жабдықтаймыз. Жалпы, ауылдарды дамытуға көп көңіл бөлінеді, бұл үшін шекара маңы аумақтары мен бұрынғы аудан орталықтарын дамыту бағдарламалары қабылданды. Біз ел Президенті Қасым-Жомарт Кемелұлы Тоқаевтың алдымызға қойған міндеттерін шешуге бар күшімізді жұмылдырып, қолдаймыз.