Бүгін өткен облыс әкімдігінің отырысында бірқатар мәселелер талқыланды.
Өңірде бірыңғай Индустрияландыру картасы табысты іске асырылуда, 2025 жылға дейін 6,4 мың жұмыс орнын ашуға мүмкіндік беретін 22 жобаны іске асыру көзделген. Өткен жылы бірнеше ірі кәсіпорын пайдалануға берілді - бұл "Үлбі ТВС", бөтелкеге құйылған минералды су өндіру зауыты және кен орнын игерумен айналысатын "ГРК МЛД" ЖШС. Ағымдағы жылдың мамыр айында "Алтын Шығыс" май экстракциялық зауыты іске қосылды, ал желтоқсан айында арнайы техниканы жөндеумен айналысатын "Смаков" ЖК ашылады.
Сондай-ақ, облыстық ауыл шаруашылығы басқармасы басшысының есебін тыңдадым. Мал шаруашылығында мал басының өсуі байқалады, бірақ бордақылау алаңдары мәселесі маңызды. Қазіргі таңда олардың саны 34, маңайында жеткілікті жем-шөп базасы бар-жоғын және мемлекеттік субсидиялардың тиімді игерілуін анықтау керек.
Тағы бір маңызды мәселе - "Білімді маман" бағдарламасын жүзеге асыру. Мұнда "университеттер, колледждер - кәсіпорындар" топтамасы жұмыс істейді және еңбек нарығының өзекті қажеттіліктерін ескере отырып, мамандар даярланады. ҚР Президенті Қасым-Жомарт Кемелұлы Тоқаевтың тапсырмасы бойынша гранттар саны артып келеді және оларды бөлу жөніндегі комиссияның қызметі ашық. Биыл педагогика, экономика, ветеринария, медицина және IT мамандықтарына 450 білім гранты бөлінді. Оның 243-ін көпбалалы және аз қамтылған отбасылардан шыққан талапкерлер иеленді.