Құрметті жерлестер!!!

Құрметті жерлестер!!!

Күршім ауданына жұмыс сапары аясында Бұқтырма су қоймасы арқылы өтетін көпір құрылысының барысымен таныстым. Бұл үш ауданды байланыстыратын бірегей стратегиялық және әлеуметтік нысан. Көпір Мемлекет Басшысы Қасым-Жомарт Кемелұлы Тоқаевтың тапсырмасы бойынша салынуда. Құрылыс бірден екі жағалаудан басталады және маусымдық ауа-райына тәуелді болмас үшін техникалық көпір салынды. Құрылысшылар екі ауысымда жұмыс істейді, олар үшін вахталық кент те жабдықталған. Көпірдің ұзындығы-1316 метр. 21 тіректің 9-ы салынды . Болашақ өткелдің сенімділігі мен беріктігінің көрсеткіші-көпір салушылар ең заманауи технологияларды қолданады. Мысалы, тіректің тереңдігі 40 метрден асады. Төсемнің ені 10 метрді құрайды, көлік айрықтары, су бұру және мал өту жолдары қарастырылған. Көпір кеме қатынасына кедергі келтірмейтінін атап өту қажет.
Қазақстан үшін бірегей құрылыстың салынуы Күршім, Тарбағатай және Зайсан аудандарының логистикасын түбегейлі өзгертуге мүмкіндік береді. Жоба аяқталғаннан кейін паром өткелінің бағасы барлық тауарлардың құнына енгізілмейді. Көпір аудандардың экономикалық және әлеуметтік дамуына, сондай-ақ туризм, өнеркәсіп және кәсіпкерлікке жаңа серпін бермек.