Құрметті шығысқазақстандықтар!

Құрметті шығысқазақстандықтар!

Қазақстан Республикасы Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрлігі Құрылыс және тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық істері комитетінің ақпаратына сәйкес келіп түсетін өтініштердің көп болуына байланысты құрылыс және тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық саласында халықпен тиімді диалогты арттыру мақсатында Ақпараттық қызмет құру жоспарланып отыр.

Ақпараттық қызмет құрылыс және тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық саласындағы мәселелер бойынша жұмыс күндері 9:00-ден 18:30-ға дейін (түскі үзіліс 13:00-ден 14:30-ға дейін) консультациялық қызметтер көрсетеді.

Құрылыс мәселелері бойынша байланыс телефондары – 8 (7172) 98-33-50, тұрғын үй және тұрғын үй қатынастары мәселелері бойынша – 8 (7172) 98-30-59, кондоминиум объектісін басқарудың жаңа нысандарына (мүліктің меншік иелері бірлестіктері, жай серіктестік, пәтерлер иелерінің кооперативтері) көшу мәселелері бойынша – 8 (7172) 98-34-86.