Тарбағатай ауданына жасаған жұмыс сапары барысында Ақжар ауылының тұрғындарымен кездестім. Менің тапсырмам бойынша аудан әкімі, депутаттар, тұрғындардың бастамашыл тобы жақын арада шешілуі қажет міндеттердің жоспарын жасады. Бұл ең алдымен су бұру және коммуникация мәселелері. Бұл мәселелерді шешуге облыс бюджетінен қажетті қаражат бөлінді. Сондай-ақ, ауданды дамытудың перспективалық жоспары жасалды. Оған мектептер, әлеуметтік нысандар құрылысы және ТҮКШ мәселелері кірді. Биыл Тарбағатай ауданында көпбалалы және аз қамтылған отбасылар үшін 48 үйдің құрылысы басталады. Учаскелерді дайындап, ауданды сапалы интернет байланысымен қамтамасыз ету үшін антенна-матч құрылыстарын салуға қаржы бөлінді. Пайдаланылмайтын жайылымдарды қайтару бойынша жұмыстар бақылауда тұр. Мал шаруашылығы дамыған аудан тұрғындары үшін бұл маңызды мәселелердің бірі. Кездесу барысында ел Президенті Қасым-Жомарт Кемелұлы Тоқаевтың Жолдауы талқыланды. Мемлекет басшысы ауыл шаруашылығын дамытуға баса назар аударды, сауатты субсидиялау, ауылды дамытуды қолдау және басқа да жобалар енгізілетін болады. Сондай-ақ, жергілікті жерлерде тұрғындар ауыл мен ауданның өміріне белсенді қатысуы керек. Аудан тұрғындарымен есеп беру кездесуінде айтылған маңызды мәселелердің бір бөлігі шешілді. Біз денсаулық сақтау және білім беру саласындағы маңызды жобаларды жалғастырамыз және ауыл тұрғындарының тарих мұражайын ашудағы бастамасын қолдаймыз.