Құрметті жерлестер!

Құрметті жерлестер!

Өңірдегі өрт жағдайы тұрақты бақылауда. Бүгінгі күні Ұлан ауданының Тарғын ауылындағы және Глубокое ауданының Каменный карьер кентіндегі өрт толығымен өшірілді. Катонқарағай ауданының Қаратал ауылында да өрт ауыздықталды. Зардап шеккендер мен елді мекендерге төнген қауіп жоқ. Күршім ауданында жағдай шиеленісіп тұр. Қатты жел өрт сөндірушілердің жұмысын қиындатуда. Қазір өртті сөндіруге 300-ге жуық адам, 2 тікұшақ және 34 бірлік техника жұмылдырылды. Мұнда жұмыс тәулік бойы күндіз де, түнде де жүргізіліп отыр. Өрттің елді мекендерге таралуына тосқауыл қойылды. Алтай ауданында 2 тікұшақ жұмыс істеуде, 150 тоннадан астам су құйылды. Отпен күреске барлық күштер бағытталып отыр. Өрттің таралуына жол берілмей, өрт ошақтарын сөндіру жұмыстары барынша жүріп жатыр. Мен Төтенше жағдай министрімен келіссөздер жүргіздім, облысқа жету қиын таулы жерлерде өртті сөндіру үшін тағы 2 тікұшақ келеді. Бүгінгі күні өртті жоюға барлығы 1167 адам, 123 бірлік техника, 5 МИ-8 тікұшағы, 2 МИ-2 тікұшағы, 1 Еврокоптер, 4 отын құюшы жұмылдырылды. Жағдай толығымен бақылауда. Жергілікті жерлерде орман басқармасының, ТЖД, жергілікті атқарушы органдардың мамандары жұмыс істеуде. Шаруа қожалықтарының техникасы да жұмылдырылды.