Бүгін "Қазақстан-ҚХР ынтымақтастығының достық диалогы" форумына қатыстым

Бүгін "Қазақстан-ҚХР ынтымақтастығының достық диалогы" форумына қатыстым

Бүгін "Қазақстан-ҚХР ынтымақтастығының достық диалогы" форумына қатыстым. Осы маңызды жиында біз ҚХР Шыңжаң ұйғыр автономиялық ауданымен алдағы ынтымақтастығымыздың негізгі тұстарын белгіледік. Ежелден шекаралас аймақтармыз, жақсы көршілерміз. Ел Президент Қасым-Жомарт Тоқаев "Орталық Азия-Қытай" мемлекет басшыларының саммитінде елдеріміздің арасындағы ынтымақтастық теңдессіз даму қарқынымен, жоғары сеніммен және шынайы достықпен ерекшеленетінін атап өткен болатын. Бүгінде ШҚО мен ҚХР - сенімді серіктестер. Өңірде ортақ 39 кәсіпорын жұмыс істейді, өткен жылы ҚХР АЭС-і үшін жылу бөлетін құрамалар шығаратын зауыт пайдалануға берілді. Энергетика, ауыл шаруашылығы, сауда және туризм саласындағы жобалар табысты жұмыс істеуде. Диалог алаңы біздің қытайлық серіктестерімізбен іскерлік байланыстарымызды арттыруға мүмкіндік береді, инвестициялық ресурстарды тарту үшін қосымша жағдайлар туғызады. Форум қорытындысы бойынша ШҚО мен ҚХР Шыңжаң ұйғыр автономиялық ауданы арасындағы ынтымақтастық хаттамасына қол қойылды.