Бүгінде қарқынды дамып келе жатқан Зайсан ауданында жұмыс сапарымен болдым

Бүгінде қарқынды дамып келе жатқан Зайсан ауданында жұмыс сапарымен болдым

Бүгінде қарқынды дамып келе жатқан Зайсан ауданында жұмыс сапарымен болдым. Депутаттардың келісімі бойынша ауданның жаңа әкімі Дулат Қажановты таныстырдым. Ол - Зайсан ауданының тумасы, осы жерде еңбегін бастаған, басқару жұмысында да жақсы тәжірибесі бар азамат. Оның алдында қазір бірқатар міндеттер тұр - құрылыс, абаттандыру, сумен және газбен қамтамасыз ету. Сондай-ақ, Зайсан ауданының жұртшылығымен кездесу өткізіп, ел Президенті Қасым-Жомарт Кемелұлы Тоқаевтың Жолдауын талқыладық. Тұрғындардың ел экономикасын одан әрі дамытуға және тиісінше қазақстандықтардың әл-ауқатын арттыруға бағытталған барлық стратегиялық шешімдердің маңыздылығын түсінетіндері қуантады. Мемлекет басшысы айтқан барлық міндеттер шешілетін болады, сонымен қатар, біз басталған жобалар мен бағдарламаларды жалғастырамыз және өңірдің әлеуметтік саласын жақсартуға ықпал ететін жаңа жобаларға бастамашылық жасаймыз.