Құрметті жерлестер!!!

Құрметті жерлестер!!!

Бүгін жұмыс сапарымен Риддер қаласында болып, бірқатар нысандарды аралап, жұртшылықпен кездестім. Қаладағы жағымды жаңалықтардың бірі- 600 орындық жаңа мектептің ашылуы. Онда оқыту қазақ және орыс тілдерінде жүргізілетін болады. 1974 жылдан бастап Риддерде бірде-бір мектеп салынбағанын атап өткім келеді. Ал келесі жылы біз балалардың білім алуына қолайлы жағдай жасау үшін тағы бір құрылысты бастаймыз. Жаңа мектеп барлық қажетті техникамен, оның ішінде интерактивті тақталармен жабдықталған, онда бірнеше оқушы бір уақытта жұмыс істей алады, спорт секциялары, үлкен асхана, лингафон кабинеттері бар. Жұртшылықпен кездесу барысында ҚР Президенті Қасым-Жомарт Кемелұлы Тоқаевтың елімізді табысты дамытудың негізгі міндеттері айқындалған Жолдауын талқыладық. Риддерліктердің сындарлы ойлайтыны және стратегиялық жоспарлаудың маңыздылығын түсінетіні қуантады. Құрылысы жүргізіліп жатқан аурухана кешеніне бардым, онда емхананың құрылысы бірінші болып аяқталады және ол бірден пайдалануға беріледі. Бірнеше күннен кейін Мәдениет үйін қайта жөндеу жұмыстары басталады. Сондай-ақ, "ҚазМырыш-маш" ЖШС-нің жұмысымен таныстым. Риддерде жылу беру маусымына дайындық қарқынды жүріп жатыр, көмір қоры бар екенін және күн сайын 10-15 вагон отын жеткізілуде. Риддерде ЖЭО, жылу орталығы жөнделуде. Құрылысшылар 30 қыркүйекке дейін барлық жұмыстар аяқталады деп сендірді.