Шығыс Қазақстан облысында тұрғын үй-жайларды жалға беру қызметтері саласындағы терроризмге қарсы қорғау мәселелері талқыланды

Шығыс Қазақстан облысында тұрғын үй-жайларды  жалға беру қызметтері саласындағы терроризмге қарсы  қорғау мәселелері талқыланды

Қазақстан Республикасы Терроризмге қарсы орталығының тапсырмасын орындау аясында Шығыс Қазақстан облысы әкімдігінің, ұлттық қауіпсіздік және полиция органдарының қызметкерлері тарапынан аумақтық кәсіпкерлер палатасының қолдауымен а.ж. 2 қыркүйегінде «eQonaq» ақпараттық жүйесінде келген шетелдіктер туралы мәліметтерді толтыру нұсқаулығын түсіндіруге, тұрғын үй-жайларды жалға беру саласындағы қызметті жүзеге асыратын ұйымдардың терроризмге қарсы қорғалуын ұйымдастыруға бағытталған ақпараттық-түсіндіру іс-шарасы өткізілді.

Кездесу барысында бірқатар мәселелер қаралып, оның ішінде:

- тұрғын үйді жалға беру кезінде заңнама талаптарын сақтау;

- туристердің тұруына және оларға қызмет көрсетуге арналған қонақ үйлердің, кемпингтердің, туристік базалардың, пансионаттардың, емдеу мекемелерінің басшылары мен әкімшілерінің объект қауіпсіздігін қамтамасыз ету жөніндегі іс-әрекеттері және террористік сипаттағы қауіп-қатер жағдайындағы бірінші кезектегі іс-әрекеттері

- қолдан жасалған және штаттық жарылғыш құрылғылар табылған жағдайдағы мінез-құлық ережелері түсіндірілді;

- террористік тұрғыдан осал объектілердің терроризмге қарсы қорғалуының жай-күйіне мемлекеттік бақылау жүргізу тәртібі;

- объектінің ТҚҚ паспорттарын әзірлеу және өзекті жағдайда ұстау.