
Шығыс Қазақстан облысында сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне ішкі талдау жүргізу әдістемесі бойынша семинар өткізілді
2022 жылғы 2 қыркүйекте онлайн режимде Алтай, Глубокий, Зайсан және Катон-Қарағай аудандары әкімдігінің өкілдеріне, сондай-ақ осы аудандар әкімдіктеріне ведомстволық бағынысты квазимемлекеттік мекемелердің комплаенс-офицерлеріне арналған семинар өткізілді. Семинар барысында Сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне ішкі талдау жүргізу әдістемесі талқыланды.
Қатысушылардың сұрақтарына өңірдің Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызметінің превенция басқармасы басшысының орынбасары Арыстан Асқар және облыс әкімі аппаратының ТБН-4 жобалар тобының жетекшісі Елена Карпова жауап берді.
Семинарға қатысушы мекемелер өкілдері тақырыпты талқылауға белсенді қатысып, туындаған сұрақтарға жауап алды.