Бүгін Литваның Төтенше және Өкілетті Елшісі Гинтаутас Васюлиспен кездесу өтті. Бірден айта кетейін, ол Шығыс Қазақстанның табиғатын, сондай-ақ өңірдің өнеркәсіптік әлеуетін жоғары бағалады, өйткені ҮМЗ және Қазмырыш алаңдарында болды.
Біздің елдеріміз арасындағы түрлі салалардағы ынтымақтастық үшін үлкен әлеуетіміз бар, бұл бірінші кезекте агросектор, көлік инфрақұрылымы және жаңартылатын энергия. Сонымен қатар, ағаш өңдеу, химия өнеркәсібі және экономиканың басқа салаларындағы серіктестік нұсқалары қарастырылады. Сондай-ақ, біздің акушер-гинекологтар Литва клиникаларында өз біліктіліктерін арттырды. Алдағы ынтымақтастық жемісті болып, елдеріміздің экономикасын дамытуға жаңа үлес қосуға мүмкіндік беретініне сенімдімін.