Бүгін Тарбағатай ауданында негізгі жобаларды жүзеге асыру бойынша кеңес өткіздім. Әлеуметтік сала, көлік және инженерлік инфрақұрылыммен қамтамасыз ету, интернетке қол жеткізуге байланысты жобалар басымдыққа ие. Ауданға жасаған жұмыс сапары барысында мен бірінші кезектегі міндеттерді айқындауды тапсырдым, қазір құрамына барлық басқармалардың өкілдері кіретін комиссия бұл тізімді егжей-тегжейлі талдайды. Әрине, сумен жабдықтау бойынша бірқатар жобалар , сондай-ақ қажет болған жерде блокты-модульді станциялар желілерін төсеу және жөндеу іске асырылатын болады. Көп балалы және аз қамтылған отбасыларға арналған 156 үйдің 48-ін Тарбағатай ауданының 9 ауылында саламыз. Бұл жерде жас мамандар: дәрігерлер, мұғалімдер, ветеринарлар үшін тұрғын үй қарастыру маңызды. Шенгелдідегі мектептің құрылысына келетін болсақ, мұнда 18 қыркүйекке дейін қолайлы типтік жобаны таңдап, келісімшарт аясында құрылысты бастау керек. Аудан тұрғындарын интернетке қол жеткізумен қамтамасыз ету үшін антенна-діңгек құрылыстарын орнату бойынша жұмыс басталды. Бұл мәселе бейінді министрлікпен де пысықталуда. Көптеген басым жобаларға жобалық-сметалық құжаттар дайын екені қуантады.