Бүгін Шемонаиха және Глубокое аудандарына жасаған жұмыс сапары аясында өсімдік шаруашылығын дамытып отырған бірнеше ірі шаруа қожалықтарына бардым. "EAST FARM" ШҚ жүгері өсірумен кеңінен айналысады. Суару жүйелерін орнатып, үлкен экспорттық әлеуетке ие. Биыл мұнда суармалы жерлерде майлы дақылдарды өсіру технологиясы сыналады, фермерлердің жоспарында картоп өсіру және облыс орталығын осы көкөніспен қамтамасыз ету бар. "Виситаев Р.Д." шаруа қожалығында астықты кептіру және сақтау үшін үлкен кешен салынуда. Мұнда жаңа технологиялар мен элиталық тұқымдар, атап айтқанда Француз бидайы қолданылады. Оның өнімі гектарына 60 центнерге дейін жетеді деп жоспарлануда, бұл өте жақсы көрсеткіш. Біз мұнда басқа фермерлердің келіп, оң тәжірибе алмасқанын қалаймыз. Сондай-ақ, үлкен селекциялық жұмыстар жүргізіліп жатқан Шығыс Қазақстан ауыл шаруашылығы тәжірибе станциясында болдым. Мамандар соя, күнбағыс, бидай және біздің сұрып өсіріледі, оның өнімділігі импортталған астыққа қарағанда жоғары. Сондай-ақ, мал шаруашылығы үшін жемшөп дақылдары да өсіріледі, мысалы, құмай. Биыл алғаш рет мақсары егілді, ол өсімдік косметология саласында өте танымал. Жалпы, өңірде егін жинау науқаны басталды. 686 мың гектардан өнім жиналатын болады, оның 208 гектардан астамы майлы дақылдар. Олардың өнімі біздің ірі май зауыттарымыз үшін шикізат қоры.