Облысымыздың аумағында қазба жұмыстарын жүргізіп жатқан археолог Зейнолла Самашевтың тобы кезекті рет ғылыми жаңалық ашты. Ғалымдар Күршім ауданындағы обаны қазу барысында ат әбзеліне арналған алтын әшекейлерді тапты. Жылқының сақ тайпасынан шыққан патшаға тиесілі болғаны анықталып отыр. Бұлар – ерекше әдемі әшекейлер. Өкінішке қарай, қорғанның өзі тоналған болып шықты, бірақ екі жасырын орны сақталған екен. Сондай-ақ, алғаш рет металл үзеңгі табылды, онда барыспен аң аулау сәті бейнеленген. Аталған жәдігерлер мұражайға қойылды.
Сонымен қатар, археологтар музыкант-жауынгердің кескін-келбетін және ежелгі музыкалық аспаптарды қалпына келтірді, олар Елеке сазы алқабындағы қорғандардың бірінен табылған болатын. Алдағы уақытта ұлттық аспаптардың қас шеберлері өңірімізге шақырылады, олар домбыра «атасының» көшірмесін жасап, үнін шығаруы тиіс.
Қазба жұмыстары әлі де жалғасып жатыр. Ал қыркүйек айында «Алтай – түркі әлемінің алтын бесігі» халықаралық форумы өтпек, өйткені Шығыс Қазақстанның байырғы тарихы мен археологиясы әлемнің озық ғалымдарын таң қалдырып, тәнті етуде.