ШҚО-да сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл мәселелері талқыланды

ШҚО-да сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл мәселелері талқыланды

Ағымдағы жылғы 21 шілдеде ШҚО әкімдігінде облыс әкімінің м.а. Алмасхан Сматлаевтың төрағалығымен кеңес өтті, оған ШҚО бойынша Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет департаментінің басшысы Денис Шакенов, облыстың қалалары мен аудандарының әкімдері, сондай-ақ облыстық басқармалардың басшылары қатысты.

Кеңес барысында «Сыбайлас жемқорлықтың алдын алу және оған қарсы іс-қимыл» үлгілік базалық бағыты (бұдан әрі-ТБН-4) бойынша жобаны іске асырудың проблемалық сұрақтары қаралды.

Мемлекет басшысының мемлекеттік басқаруда жаңа тәсілдерді қолдану туралы тапсырмасы бойынша, сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл және сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениетті қалыптастыру шараларын жобалық басқару қолданылуда. Ұйымдастырудың бұл моделі -  мақсаттарға қол жеткізу үшін жұмысты жоспарлау және ұйымдастыру бойынша жалпыға танылған құрал.

Облыс әкімінің м.а. А.Сматлаев дербес басқармалардың жұмысының нәтижелерін тыңдап, сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл бағытындағы жұмыстарды жандандыруды және бұл істе формализмге жол бермеуді талап етті. Әрине, бірлескен күш-жігер арқылы ғана сыбайлас жемқорлық көріністерін қоғам мен мемлекеттік органдарда жоюға болады. Өңірде сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимылдың жеткіліксіз деңгейде жүргізіліп жатқандығын сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылықтардың статистикасынан көре аламыз, ол әлі де жоғары деңгейде қалып отыр.

«ТБН-4 жобасы – сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл жөніндегі жол картасы болып табылады. Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызметтің бірінші кезектегі міндеті сыбайлас жемқорлықтың алдын алу болып табылады және олар жергілікті атқарушы органдарға әдістемелік көмек көрсетуге дайын. Қарапайым тілмен айтқанда, мемлекеттік органдар үшін сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл бағытындағы негізгі міндеттері айқындалды және олардың нәтижелерін тиімді бақылау жүйесі құрылды. Сыбайлас жемқорлықтың алдын алудың негізгі құралдарының бірі – ішкі талдау. Мемлекеттік органдар басшыларының өздері сапалы ішкі талдауға мүдделі болуға тиіс, өйткені бұл болашақта мемлекеттік органдарда сыбайлас жемқорлық көріністеріне жол бермеуге мүмкіндік береді. Басқарушылық қателіктер көбінесе құқықтық олқылықтар мен қақтығыстарға байланысты. Тек сапалы талдау ғана алдын алу шараларын уақытылы қабылдауға және мемлекеттік қызметшіні сыбайлас жемқорлықтан қорғауға мүмкіндік береді", - деп атап өтті өңірдің Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызметінің басшысы Д.Шакенов.

Семинар соңында облыс әкімінің м.а. Алмасхан Сматлаев облыстық басқармалар басшыларына, қалалар мен аудандар әкімдері үшін сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне ішкі талдау жүргізу бойынша оқыту семинарын ұйымдастыруды ұсынды.