
Бүгін сауда қызметкерлері өздерінің кәсіби мерекелерін атап өтуде. Бұл Шығыс Қазақстан облысы халқының өмір сүру сапасына тікелей әсер ететін экономиканың маңызды секторларының бірі. Тұтыну нарығын дамытуға бағытталған аталмыш сала қызметкерлері күнделікті талмай еңбек етіп, халыққа қызмет көрсетуде. Кәсіби мереке қарсаңында дендеріңізге саулық, отбасыларыңызға амандық, игі бастамаларыңызға табыс тілеймін! Жауапты еңбектеріңізде жаңа идеяларды жүзеге асыра беріңіздер! Мейрамдарыңыз құтты болсын!