Бүгін Өскеменде Абай облысының әкімі Нұрлан Уранхаевпен кездесу өткіздім

Бүгін Өскеменде Абай облысының әкімі Нұрлан Уранхаевпен кездесу өткіздім

Құрметті жерлестер!!!
Бүгін Өскеменде Абай облысының әкімі Нұрлан Уранхаевпен кездесу өткіздім. Облыстарды бөлу бойынша өтпелі процесті үйлестіруге жауап беретін екі өңірден бірлескен топтар құру талқыланды. Біздің бастамамыз бойынша барлық басқармалар жүйелі түрде үйлестіріледі. Барлық әлеуметтік және инженерлік инфрақұрылымның барабар жұмыс істеу мәселелері түйінді болып қала береді. Екі облыстық топтың басшылары бірнеше күн ішінде барлық объектілердің жұмыс істеуі көзделетін бірлескен жоспар әзірлеуге тиіс. Біз аудандарға көмір жеткізуді, Семейдегі Өскемен көшесін жөндеуді, сондай-ақ Степное кентіндегі мектептің құрылысын аяқтауды өз мойнымызға аламыз. Күн сайын барлық басқарма басшыларының есептерін тыңдайтын боламын. Бұл жұмыс жемісті ынтымақтастыққа жасалған тағы бір қадам. Сондай-ақ, Абай облысының әкімімен бірге "Халифа Алтай" мешітіндегі ислам мәдениеті мұражайында және Өскеменнің жаңа теннис орталығында болдық.