
Құрметті жерлестер!!!
Бүгін елімізде балық шаруашылығы қызметкерлерінің күні. Қалыптасқан дәстүр бойынша шілде айының екінші жексенбісінде балық шаруашылығы мен инспекциясының қызметкерлері, балық шаруашылығы институттарының ғалымдары құттықтаулар қабылдайды.
Шығыс Қазақстанда балық шаруашылығын дамытуға көп көңіл бөлініп келеді. Бірнеше жылдан бері құнды балық өсіретін фермалар сәтті жұмыс істеп, үлкен және кіші су қоймаларын балықтандыру жүріп жатыр. Мемлекет дәл осы балық өсірумен айналысуға шешім қабылдаған аграршыларға зор қолдау көрсетуде. Осы саланың барлық қызметкерлерін және балық аулауды жақсы көретін адамдарды шын жүректен кәсіби мерекелерімен құттықтаймын. Дендеріңізге саулық, отбасыларыңызға амандық, еңбектеріңізге табыс тілеймін!