Ерлан Серікжанов Әлемдік Гран Приде күміс медальға ие болды

Ерлан Серікжанов Әлемдік Гран Приде күміс медальға ие болды

Шығысқазақстандық дзюдошы Ерлан Серікжанов Тель-Авивде өтіп жатқан әлемдік Гран Приде күміс жүлдеге ие болды.

Аталмыш сайыста 88 елден 600-ден астам дзюдошы бақ сынасуда. Оның ішінде елдің намысын 20 спортшы қорғап отыр.

Жартылай финалдан сүрінбей өтіп, жиналға шыққан Ерлан Серікжанов ақтық додада Оңтүстік Кореяның спортшысымен кездесіп, өкінішке орай есе жіберіп алды.

«66 кг дейінгі салмақ дәрежесі» қорытындысы

  1. Ан Ба Ул (Оңтүстік Корея)
  2. Ерлан Серікжанов (Қазақстан)
  3. Даниэль Карнин (Бразилия), Тал Фликер (Израиль)

ШҚО Дене шынықтыру және спорт басқармасы

Баспасөз қызметі