
17-18 қаңтар күндері Өскемен қаласында тоғызқұмалақтан командалар арасында облыс чемпионаты өтеді.
Қазірдің өзінде аймақтың аудан-қалаларынан үміткерлер қатысуға ниет білдіруде. Бір команда 5 ер адамнан және 5 әйел адамнан тұрмақ. Қатысушылар «классика» ережесі бойынша сынға түседі. Аталмыш чемпионат Абай Құнанбайұылының 175 жылдығы аясында өткізіліп отырғанын атап өту қажет.
Дене шынықтыру және спорт басқармасының баспасөз қызметі