
17 қаңтарда Семейде спорттық және жауынгерлік самбодан облыс чемпионаты өтеді. Аталмыш сайыс Абай Құнанбайұлының 175 жылдығы аясында жоспарланып отыр.
Чемпионат 9 салмақ дәрежесі бойынша өтіп, 27 жинақ медаль ұтысқа түседі: 9 – ерлер (спорттық самбо), 9 – әйелдер (спорттық самбо), 9 – жауынгерлік самбо. Аймақтың түкпір-түкпірінен келген 100-ден астам спортшы қатысады деп жоспарлануда.
Шараның ашылу салтанаты 17 қаңтар күні сағат 10:00-де Дене шынықтыру және сауықтыру кешенінде өтеді.
Дене шынықтыру және спорт басқармасының баспасөз қызметі