
Шығыс Қазақстанда мемлекеттік аппарат қызметін бюрократиясыздандыру мақсатында консультативтік-кеңесші органдар (ККО) саны екі есе қысқарды.
ККО қысқарту "мемлекеттік аппарат қызметін бюрократиясыздандыру жөніндегі шаралар туралы"Қазақстан Республикасы Президентінің 2022 жылғы 13 сәуірдегі № 872 Жарлығын орындау аясында жүзеге асырылды.
Қазіргі уақытта Шығыс Қазақстан облысы әкімдігі жанындағы 29 ККО-дың 14-і таратылды. Бұл шара тиімділікті, жеделдікті, сондай-ақ шешім қабылдаудағы жергілікті атқарушы органдардың жауапкершілік деңгейін арттыруға мүмкіндік береді.
Осылайша, өңірде облыстық бюджетті қалыптастыру, халықты жұмыспен қамту, жеке кәсіпкерлік және т.б. мәселелермен айналысатын комиссиялар мен кеңестер өз қызметін жалғастырады, барлығы - 15 ККО.