Бүгін жұмыс сапарым барысында титан-магний комбинаты үшін шикізат болып табылатын ильменит кенін өндіруге мамандандырылған Сәтбаев тау-кен байыту кәсіпорнына бардым. Кен байыту комбинатының қуаттылығы - жылына 15 мың тонна концентрат. 2018 жылы қуаты 25 мың тонна болатын екінші фабриканың құрылысы басталды, қазір ол жерде кестеге сәйкес тәжірибелік-өнеркәсіптік сынақтар жүріп жатыр. Осы жылдың өзінде кәсіпорын жобалық қуатына шығады деп күтілуде. Осылайша, біз ҚР Президенті Қасым-Жомарт Кемелұлы Тоқаевтың қазақстандық шикізат пен үлесінің пайызын арттыру туралы тапсырмасын орындаймыз. Екі фабриканың жұмысы ТМК өнімдерінің өзіндік құнын төмендетуге, 65 жаңа жұмыс орнын ашуға мүмкіндік береді. Екінші фабрика - бұл жаңадан жабдықталған заманауи кәсіпорынға менімен бірге Үндістаннан серіктестеріміз барды. Кәсіпорын жобасына сәйкес ауқымды тау-кен байыту кешеніне вахталық кент пен жолдар салынатын болады.