
26-27 мамыр аралығында ШҚО-ның 19 қаласы мен аудандарының Терроризмге қарсы комиссиялардың қызметіне жауапты басшылары мен қызметкерлеріне оқыту семинар өткізілді.
Өткен іс-шарада облыс әкімі аппараты, ҰҚК және полиция департаменттері өкілдерінің қатысуымен қолдану практикасына қатысты келесі мәселелер қаралды:
- «Объектілерді террористік тұрғыдан осал объектілерге жатқызу қағидалары мен өлшемшарттарын бекіту туралы» Үкіметтің 2021 жылғы 12 сәуірдегі №234 қаулысы;
- «Террористік тұрғыдан осал объектілердің терроризмге қарсы қорғалуын ұйымдастыруға қойылатын талаптарды бекіту туралы» Үкіметтің 2021 жылғы 6 мамырдағы №305 қаулысы;
- Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2022 жылғы 30 наурыздағы № 117 бұйрығымен бекітілген Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігінің террористік тұрғыдан осал объектілердің және білім және ғылым саласындағы қызметті жүзеге асыратын террористік тұрғыдан осал объектілердің терроризмге қарсы қорғалуын ұйымдастыру жөніндегі Нұсқаулығы.
Сонымен қатар, «Шығыс Қазақстан облысының Дін мәселерін зерттеу орталығы» КММ қызметкерлері деструктивті діни ағымдар идеологиясынан зардап шеккен адамдармен оңалту іс-шараларын ұйымдастыру, сондай-ақ бұқаралық ақпарат құралдарында діни экстремизм мен терроризмнің қарсы пропагандасы бойынша жаңа әдістемелерді жеткізді.