Құрметті жерлестер!!!

Құрметті жерлестер!!!

Өскемен қаласындағы № 9 сайлау учаскесінде еліміздің басты Заңы – Қазақстан Республикасының Конституциясына өзгерістер мен түзетулер енгізу бойынша референдумда өз дауысымды бердім. Облыс бойынша 1027 сайлау учаскесі жұмыс істеп тұр және шығысқазақстандықтардың референдумға қатыса отырып, өздерінің азаматтық ұстанымын белсенді түрде білдіріп жатқаны қуантады. Сайлау комиссиясының мүшелері дауыс берушілердің арасында жастардың қатары көп екенін атап өтті.
Мен біздің балаларымыз бен немерелеріміз гүлденген және бақытты Қазақстанда өмір сүретініне сенімдімін. Сондықтан да өз дауысымды еліміздің болашағына деген нық сеніммен бердім.
Түзетулер Қазақстан Республикасының Конституциясының 33 бабын қамтиды - бұл баптардың жалпы санының үштен бір бөлігін құрайды. Және оларды референдумға шығару - өзгерістердің ауқымы мен маңыздылығын көрсететін маңызды қадам болып табылады.
Жалпыхалықтық дауыс беру осы мәселелердегі халықаралық тәжірибеге сәйкес келеді және әрбір қазақстандыққа өз көзқарасын білдіруге және азаматтық ұстанымын көрсетуге мүмкіндік беретіні сөзсіз.