Бүгін "Ауыл - ел бесігі" бағдарламасы аясында жобаларды іске асыру мәселесі бойынша қалалар мен аудандардың әкімдерімен кеңес өткіздім. Бағдарлама портфелінде 103 жоба бар, 45 жоба бойынша келісімшарттар жасалды, 58 жоба бойынша конкурстық рәсімдер аяқталуда. 10 маусымға дейін әрбір әкім келісім-шарт жасасу мерзімінің неге ұзаққа созылатыны туралы толық ақпарат беруі тиіс және осы күнге дейін денсаулық сақтау және білім беру бойынша барлық жобалар іске асыруға дайын болуы тиіс. Сондай-ақ, спорттық және әлеуметтік нысандарды тапсыру мерзімін ұзартатын құрылыс компанияларымен жұмыс істеу маңызды. Мұндай мысалдар кейбір аудандарда бар және әкімдер мұның неліктен болып жатқанын түсінуі керек, егер объективті себептер болмаса, онда шартты бұзып, жобаларды аяқтау үшін адал мердігерлерді іздеу керек. Сондай-ақ ӘМАТ-қа және денсаулық сақтау мен көлік салаларындағы қызметтерге бағаның негізсіз көтерілуіне жол бермеу үшін мониторингтік топтар өз жұмыстарын жалғастыруы тиіс