Құрметті жерлестер!

Құрметті жерлестер!

Ұлы ақын, философ, ойшыл Абай Құнанбаевтың туған жері Абай ауданында болып, Кеңгірбай би ауылының тұрғындарымен кездестім. Ең алдымен, тұрғын үй құрылысы бойынша аудан қарқынды дамып келе жатқанын атап өткім келеді. Бір жыл бұрын мұнда кезекте тұрғандарға арналған көп пәтерлі үйлер қалпына келтірілді. Қарауыл ауылында Абайдың 175 жылдығына орай салынған саябақтың жанында "Бір қабатты Шығыс" бағдарламасы бойынша үйлердің құрылысы жүріп жатыр. Жақын арада мұнда тұтас шағын аудан болады.
Ауданда туризмді дамыту үшін жақсы мүмкіндіктер бар. Біз ақын мен ағартушының есімімен байланысты маңызды жерлерге жаңа көрініс бердік. Абайтанушылар мен туристер тек Қазақстаннан ғана емес, басқа елдерден де осы қасиетті жерлерге барғысы келетініне сенімдімін. Сондай – ақ, ауданда "Ауыл-Ел бесігі" бағдарламасы, абаттандыру, ауыз су бойынша жобалар табысты іске асырылып жатқанын атап өткім келеді. Айта кетейік, Кеңгірбай би ауылында 2004 жылдан бері өткізілмеген сумен жабдықтау жүйесін ағымдағы жөндеуге биыл облыс бюджетінен 30 млн теңге бөлінеді. Мердігер ұйым "Саланг-Құрылыс" ЖШС маусым айында барлық қажетті жөндеу жұмыстарын жүргізеді.
Аудан тұрғындарымен кездесу барысында алдағы 5 маусымда өтетін референдумды және Президенттің бастамаларын қолдаудағы әрбір дауыстың маңыздылығын атап өттік.