Балалардың жаңа жылдық шыршасы өтті

Балалардың жаңа жылдық шыршасы өтті

Бүгін облыстың барлық қала және аудандарынан келген бес жүзге жуық бүлдіршін «Ертіс концерт» залында өткен жаңа жылдық шыршаны тамашалады. «Біз – еліміздің жарқын болашағымыз!» атты мерекеге оқу озаттары, көпбалалы және аз қамтылған отбасылардан шыққан балалар қатысты.

 Балаларды жаңа жылдық мерекемен құттықтауға арнайы келген облыс әкімі Даниал Ахметов ел болашағына жауапты жас ұрпаққа сәттілік тіледі.

– Балалар- біздің болашағымыз. Қазақстан дамуы білімді жастардың қолында. Сондықтан білімпаз ұрпақ-ұлт мақтанышы болып қала бермек, - деді аймақ басшысы.

Салтанатты мереке соңында балаларға құнды сыйлықтар мен алғыс хаттар табыс етілді.

 ШҚО әкімінің баспасөз қызметі